Ақпарат - "Балдырған" балалар бақшасы
<description>Ақпарат - "Балдырған" балалар бақшасы</description>
Баспана – бақыт шамы
Көпбалалы отбасыларға үй сыйладыЕліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елімізде әлеуметтік саланы жетілдіру бойынша  ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жаңашылдық тек мемлекеттік жеңілдіктерге ғана емес, сонымен қатар еріктілер мен меценаттар көрсететін атаулы көмекке де қатысты. Мұндай игі іске ауданымыздың кәсіпкерлері де атсалысып,  екі бірдей отбасының тұрғын үй мәселесін шешіп берді.Өткен аптада аудан әкімі Жарылқасын Айтақов Шу қаласындағы көпбалалы отбасыларға салтанатты түрде жаңа үйлердің кілттерін табыстады.-Биылғы жылы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек берудің қолға алынуы және бүгін орын алып отырған маңызды шара – осының дәлелі. Тек өзіне ғана емес, қоғам үшін атсалысатын адамдар көп болған сайын, еліміз көркейе бермек,-деп атап өткен аудан әкімі жаңа тұрғын үйдің кілтін бес бірдей баланы жалғыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ана Нұргүл Тапақоваға «Шу-Сервис» ЖШС-ның  құрылтайшысы Айдын Николаевичтің атынан үй іргесіндегі учаскесімен бірге үш бөлмелі пәтердің  кілтін табыс етті.Дәл сол сәтте шексіз бақытқа бөленген ана осыған дейін балаларымен пәтерден пәтерге көшіп-қонып жүргендігін жеткізді. Тіпті, оның тұрақты тауып отырған табысы жоқ, жұбайы өмірден өткен соң тек жәрдемақыға өмір сүруіне тура келген. Енді көпбалалы ананың пәтерге қолы жетіп, көптен күткен арманы орындалды.-Мен өз сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын, бұл мен үшін күтпеген жағдай болды, мен өте бақыттымын.  Осындай көмек көрсеткендеріңіз үшін үлкен рахмет. Жүрегі мейірімге толы азаматқа  Алла  күш-қуат берсін, отбасы бақытқа бөлене берсін,-деп жаңа көршілерінен құттықтау алған Нұргүл бақыттан тамған көз жасын жасыра алмады.***
Сонымен қатар, сенбі күні Шу қаласының тағы бір тұрғыны 5 бөлмелі үйдің кілтіне қол жеткізді. Ұзақ жылдар бойы  тұрғылықты жері болмай, пәтерден пәтерге ауысып жүрген отбасыға ауданымызға белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Ким Никон өз қаражаты есебінен пәтер сыйлады.Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Жарылқасын Айтақов Никон Марковичке өз ризашылығын білдіріп, үй иесі атанған Байсұлтановтар әулетін құттықтады. Берік Байсұлтанов пен Айсәуле Тенелова бүгінде 7 бірдей баланың ата-анасы. Қазіргі кезде екеуі де жұмыссыз. Тек, әлеуметтік жәрдемақыға күн көріп, балаларының нәпақасын тауып отыр екен. Үй кезегінде тұрғандарына да бірнеше жылдың жүзі болған екен. Енді міне, биыл қасиетті Рамазан айында қайырымды жандардың арқасында бір-ақ сәтте баспаналы болып шыға келді. Әрине, мемлекет кәсіппен айналысып, табыс табуға барлық мүмкіндікті жасап бергендіктен, олардың қарапайым халыққа қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмек қолын созуы заңдылық.Евгения СТЕЦЮРА,Ерғали АСХАТҰЛЫ.Суреттерде: іс-шарадан көріністер.Суреттерді түсірген Петр Норкин.]]></description>
Талайды таңқалдырған таэквондошы
Нұрасыл өзінің алғашқы кездесуінде украиндық қарсыласынан басым түссе, жартылай финалда түркиялық спортшыны сан соқтырған. Ал, ақтық сында татами иесінен айласын асырып, кезекті мәрте жеңімпаз болып отыр. Осылайша, байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды көкте желбіретіп, Гимнімізді асқақтатып қайтты. Нұрасыл Қуандықты алғашқы ұстазы Марат Тілеуқұлов бастаған шулық спортшылар үлкен құрметпен күтіп алды. Алғашқы ұстазы деп екпін түсіруіміздің де өзіндік себебі бар. Өйткені, Шу аудандық таэквондо федерациясының президенті, белгілі жаттықтырушы Марат Тілеуқұлов Нұрасылды 8 жасынан бастап спортқа баулып, 5 жыл бойы шәкіртіне таэквондоның қыр-сырын үйреткен. Ол былтырғы оқу жылынан бастап облыс орталығындағы спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатында тәрбиеленуде.Сонымен қатар, Нұрасыл Қуандық үстіміздегі жылдың наурыз айында таэквондодан Өскемен қаласында өткен кадеттер арасындағы Қазақстан біріншілігінде жеңімпаз атанған болатын. 65 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрасыл аталған жарыста бес бірдей қарсыласын жеңіп, ел чемпионы атанған. Сол жетістігінің арқасында ағымдағы жылдың шілде айында Иордания елінде өтетін Азия чемпионатының және тамыз айында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін әлем біріншілігінің жолдамасына қол жеткізді. Сондай-ақ, шулық спортшы бұған дейін де бірқатар жетістіктерді бағындырды. Мәселен, қаңтар айында ғана Біріккен Араб Әмірлігінде өткен халықаралық «Fujairah open» жарысында алтыннан алқа тағып, абыроймен оралған еді. Оған қоса, 10-11 жастағы спортшылардың арасында екі мәрте Қазақстан чемпионы атанған. Осындай жеңістерінің арқасында биыл ұлттық құрама сапына алынып, облыс намысын байрақты бәсекелерде қорғап жүр. Бүгінгі таңда талантты таэквондошы еліміздің ұлттық құрамасымен бірге Алматы қаласына оқу-жаттығу жиындарын өткізуге аттанбақ. Айта кетуіміз керек, аудан орталығы Төле би ауылындағы Сәду Шәкіров атындағы мектеп дарынды таэквондошылардың шеберханасы іспетті. Неге десеңіз, дәл осы мектепте оқыған Меруерт Әшірбекова таэквондодан үш мәрте Қазақстан чемпионы атанған. Кеше ғана жеңімпаз атанып келген Нұрасыл Қуандық та осы мектептің түлегі. Еліміздің біртуар азаматы Қайрат Рысқұлбеков те аталмыш мектептен білім алған. Тіпті, ауданда ұзақ жылдар бойы үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан таэквондодан Қ.Рысқұлбеков атындағы дәстүрлі турнир бар. Белгілі жаттықтырушы Марат Тілеуқұловтың бастамасымен бұл турнир биыл 20-шы мәрте ұйымдастырылмақ.Ерғали АСХАТҰЛЫ.Суретте: қарсы алу сәті.Сурет автордікі.               ]]></description>